«Түркістан Антитеррор – 2021» шартты атауымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Түркістан облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылғы 17 қыркүйекте Түркістан облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Түркістан қаласының аумағында «Түркістан Антитеррор – 2021» шартты атауымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған.
"«Түркістан Антитеррор -2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында жеке құрам мен арнайы техниканың едәуір бөлігі тартылды. Қала аумағының жекелеген аудандарында қозғалысты шектеуге байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарламасында.