ТҮРКІСТАН: 563 мектеп камерасы жедел басқару орталықтарына қосылды

0
626

750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына қосу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: 563 мектеп камерасы жедел басқару орталықтарына қосылды

Түркістан облысындағы мектептердің 60%-ы жедел басқару орталықтарына қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 943 мектептің 563 камерасы Жедел басқару орталықтарына қосылды. Бұл жалпы мектептердің 60%-ын құрайды. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына шығару жоспарланып отыр.


Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен.

Бөлісу