ТҮРКІСТАН: 89 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды

0
584

Бұрын орнатылған сол жақ жамбас буынының эндопротезін ауыстырды.


ТҮРКІСТАН: 89 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 89 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде 89 жастағы науқасқа бұрын орнатылған сол жақ жамбас буынының эндопротезін ауыстыру бойынша күрделі ота жасалды.


Науқас М. (1933 ж. т.) алғаш рет 2020 жылдың жазында пандемия кезінде оң жақ аяғына құлаған кезде оң жақ сан-жамбас буынынан жарақат алған. Зерттеп-қараудан кейін шұғыл түрде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесіне жатқызылды, онда 2020 жылдың шілдесінде ота жасалды: оң жақ жамбас сүйегінің мойнының сынуына байланысты оң жақ жамбас/сан буынының цементсіз эндопротезі. Отадан кейін ол өздігінен жүре бастады. 2022 жылдың күзінде пациент сол жақ сан-жамбас буынынан жарақат алады және ОКА-ға шұғыл емдеуге жатқызу нәтижесінде 2022 жылдың қыркүйегінде сол жақ сан-жамбас буынын биполярлы имплантпен сол жақ жамбас сүйегі мойнының сынуын эндопротездеу отасы жасалды.


Отадан кейін пациенттің жағдайы жақсарып, өздігінен жүре бастады. Бірақ 3 айдан кейін, суық тигеннен кейін оң жақ сан-жамбас буынының бұрын орнатылған эндопротезінде жыланкөз жарасы пайда болады. Ортопедия бөлімшесі дәрігерлерінің консилиумы оң сан-жамбас буынының эндопротезін ауыстыру бойынша хирургиялық емдеу қажеттігі туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы 05 желтоқсанда жүргізілген күрделі ота нәтижесінде пациентке цемент спейсерді орнатумен оң жақ сан-жамбас буынының эндопротезі ауыстырылды.


ОКА ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрбол Сахов атап өткендей, ота өте күрделі әрі қиын болған. Қуанышқа орай, ота сәтті өтті. Қазіргі уақытта пациент ерте оңалту кезеңінен өтіп жатыр, жағдай жақсы, жара асқынусыз жазылады. Бұл жоғары технологиялық ота емделушіге МӘМС шеңберінде жүргізілді.