ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы министрі Ордабасы ауданына барды

0
656

Биыл ауданда 33 370 гектарға дәнді дақылдар егілмек.


ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы министрі Ордабасы ауданына барды

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына барды.


Сапар аясында министр Төрткүл ауылдық округіндегі “Рамазан агро” серіктестігінің көктемгі егістік алқабының жұмысымен танысты.


Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов министрге ауданда көктемгі дала жұмыстарының барысын баяндап, аталған жұмыстарға бөлінген жанар-жағармай, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу, жаңбырлатып және тамшылатып суғару, ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау, жылыжайлар салу, шаруаларды тыңайтқыштармен қамту және т.б. бағыттар туралы толыққанды ақпарат берді.


Атап айтар болсақ, биыл ауданда 33 370 гектарға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері) егілесе, 5 412 гектарға майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) егілмек. 6 634 гектарға мақта, 636 гектарға картоп, 4 829 гектарға көкөніс, бақша егу жоспарланған.


«Рамазан агро» серіктестігінің игеріп жатқан жерінің көлемі 723 га құрайды. Барлығына түркиялық «Карл», «Эдесса», «АВ-440» бірінші және элиталы сортты мақта егіледі. 131 бірлік техникасы бар.


Сапар соңында министр шаруалармен тілдесіп, елімізде мақта кластерін және басқа да бағыттарды дамыту бойынша қолға алынып жатқан шараларды сөз етті.