ТҮРКІСТАН "Денсаулық" пойызы созылмалы ауруларды анықтады

0
1 302

Жалпы дәрігерлер 6980 адамды қабылдады, оның ішінде 942 бала, 7209 адам дәрігерлік тексеруден өтті.


ТҮРКІСТАН

«Денсаулық» медициналық пойызы Түркістан облысының 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар созылмалы ауруларды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Консультациялық-диагностикалық пойыз мамандары Қазақстанның әр аймағында спецификалық проблемалы аймақтарды анықтап жатыр. Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары арасында жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары, остеохондроз,жарақаттан кейінгі энцефалопатиялар сияқты аурулар жиі кездеседі, сондай-ақ, әртүрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған емделушілердің үлкен пайызы байқалды.

Түркістан облысындағы медициналық зерттеулердің статистикасы келесідей: жалпы дәрігерлер 6980 адамды қабылдады, оның ішінде 942 бала, 7209 адам дәрігерлік тексеруден өтті.

Медициналық пойыз шағын хирургиялық ота мен скрининг жасауға қажетті техникамен толық жабдықталған. Осылайша, Түркістан облысында медициналық пойыз дәрігерлері 214 шағын хирургиялық ота, 435 ЭКГ, 950 УДЗ (УЗИ), 459 флюорография мен 77 ФГДС процедурасын жасап үлгерген.

Тұрғындар ең көп жүгінген дәрігер офтальмолог болды, ол 1267 адамды қабылдаған, одан кейін 939 адамды қабылдаған уролог және 903 пациентті тексеріп үлгерген стоматолог дәрігер.

«Біздің мамандарға жүрек-қан тамыр потологиясы бар, тірек-қимыл аппаратының потологиясы, остеохондроз және ауырсыну синдромдары бар адамдар көп жүгінді. Келген барлық пациенттер тексерістен өтті және дәрігерлер оларға емдеу шаралары мен кеңестер берді. Дәрігерлер төтенше жағдайлармен де кездесті: Дарбоза бекетінде пойыз мамандары жол-көлік апатында зардап шеккен екі адамның жағдайын тұрақтандыру үшін алғашқы көмек көрсетті. Кейін олар аудандық емханаға жолдама алды», - деп атап кетті Түркістан облысы бойынша «Денсаулық» медициналық пойызы дәрігерлер бригадасының жетекшісі Мұрат Айтахунов.

Пойыз арнайы мамандары бар емханалары жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Пациенттер шалғай ауыл тұрғындарына көрсетіліп жатқан көмек үшін пойыз дәрігерлеріне шын жүректен алғыстарын айтты.

«Мен медициналық пойыз мамандарынан толық тексерістен өттім, оның ішінде УДЗ жасатып, кардиограмма өттім, маған дәрігерлер емдік шаралар жазып, денсаулық жағдайымды жақсарту бойыншакеңестер берді. Алыста тұрғандықтан, бізге осындай жақсы дәрігерлердің келуін біз бағалаймыз», - дейді Бадам бекетінің тұрғыны Эльмира Абдрахманова.

«Жәрдем» медициналық пойызы «Денсаулық» пойызымен бірге бүгінгі күнге дейін еліміздің 62 000 тұрғынын тексерістен өткізді. «Жәрдем» пойызы қазір Маңғыстау облысының шалғай бекеттерін аралап жатыр.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Денсаулық» пойызы Жамбыл облысында жұмысын жалғастырып жатыр, бұл облыс пойыз бағдарының соңғы аялдамасы болып табылады.