Өңір халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері талқыланды.
Ажар Ғиният Түркістан облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді, онда өңір халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері талқыланды.
Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Түркістан облысының 2022 жылғы денсаулық сақтау жағдайы туралы шолу баяндамасын жасады.
В. Дудник кардиологтардың, хирургтардың, эндоскопистердің тапшылығын атап өтіп, кадрлық мәселеге назар аударды. Мәселені шешу ретінде резидент мамандарды оқыту мен өңірге дәрігерлерді тартудың есебінен кардиологтардың жетіспейтін кадрларын жинақтау, одан әрі оларды ЖСЖ жол картасы және УДЗ диагностикасы бойынша оқыту ұсынылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаурра Ахметнияз 2022 жылғы Түркістан облысы бойынша медициналық қызметтер және дәрілік заттар айналымы саласындағы бақылау нәтижелері туралы баяндама жасады. Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бірқатар тапсырмалар берді.
Осылайша, инфаркттан, инсульттан және жарақаттанудан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту және сапалы скринингтер мен емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге ерекше назар аудару қажет.
Жедел медициналық көмек мамандарын оқыту, тарифтерді көтеру мәселелері көтерілді. Министр биылғы жылы педиатрия, жедел медициналық көмек, МСАК, диагностика (КТ, ЯМРТ, ПЭТ), патологиялық анатомия, онкология, босандыру, ревматология, трансплантаттау, буындарды ауыстыру, психикалық және туберкулезге қарсы емдеуді қоса алғанда, медициналық көмектің көптеген бағыттары бойынша тарифтер ұлғайтылатынын еске салды.
Нәтижесінде кеңесте айтылған барлық проблемалық мәселелерді шешу үшін өңірдегі жағдайды түзетуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленбек.