ERNUR.KZ «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес, игі істер марафоны аясында Қазығұрт ауданында 200 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Бүгінгі күн жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге және қайырымды істер жасауға арналған. Себебі, ізгілік пен мейірім – қоғамның басты құндылығы.
Наурыз мерекесі елімізде тек көктемнің жылы лебімен емес, қайырымдылық пен бірлікке шақыратын игі істермен ерекшеленеді. Бүгінде ауданда жомарт жандар, қайырымдылық күні мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, жақсылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Қазығұрт ауданында жыл сайын көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен басқа да қажетті заттар табысталып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.
Қазығұрт ауданында атқарылған бұл игі іс көпшіліктің жүрегінен орын алып, қоғамдағы бірлікті, бейбітшілікті әрі қайырымдылықты нығайтуға ықпал етуде. Жаңа жылдың әрбір күні жақсылық жасауға, мейірімділік танытуға, сол арқылы қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырады.