ТҮРКІСТАН: ​Кентаулық каратэшілер әлемді мойындатуда

0
1 571

Еліміздің спортшылары ел қоржынына 2-алтын, 2-күміс, 5-қола медальді сыйлап, жалпы командалық есепте 11 орынға жайғасты.


ТҮРКІСТАН: ​Кентаулық каратэшілер әлемді мойындатуда

Кентаулық спортшы қыз каратэ спорт түрінен әлем чемпионатында алтын миедальді жеңіп алды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шілде айының 18-28 аралығында Чехия елінде өткен чемпионатқа еліміздің спортшылары да қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде Жансая Досыбай жүлделі орынды иеленді. Әлемді мойындатқан ару бұған дейін ел біріншіліктерінде топ жарып жүрген болатын.
Үш жылда бір келетін байрақты бәсекеге 52 елден 1500 спортшылар қатысқан болатын. Еліміздің спортшылары ел қоржынына 2-алтын, 2-күміс, 5-қола медальді сыйлап, жалпы командалық есепте 11 орынға жайғасты.
Спортшыларды Әлем чемпионатының жүлдегері Татьяна Цамбунарис және каратэ-до Шотокан федерациясының президенті Фарид Аюпов бастап барған.
Спортшылар жазғы демалыстан соң, дайындықтарын қайта пысықтамақ. Себебі алда алар асулар көп дейді.
Жалпы Кентау қаласында спорттың каратэ түрімен шұғылданушылар қатары көбейіп келеді. Жүлделі орындарды да иеленіп жүрген жастар көп. Бұған дейін әлемді бағындырып, еліміздің 100 жаңа есім жобасына енген Эдуарда Велькте Кентаудан шыққан каратэші жастың бірі болатын.