ТҮРКІСТАН: Көлігіне жалған нөмір тағып жүрген азамат жауапқа тартылды

0
721

Ол көлігіне дыбыс сигналын да орнатып алған.


ТҮРКІСТАН: Көлігіне жалған нөмір тағып жүрген азамат жауапқа тартылды

Түркістан облысында көлігіне жалған нөмір тағып, дыбыс сигналын орнатып алған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес АПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері Абай ауылы көшелерінің бірінде түнгі сағат 00:10 шамасында жүрген «Тойота камри 40» маркалы автокөлікті тоқтатып тексерген. Нәтижесінде көлікке тағылған мемлекеттік нөмірдің жалған екені анықталды. Одан бөлек, жүргізуші көлігіне арнайы дыбыс сигналын рұқсатсыз орнатып алғаны белгілі болды.


Көлікті тізгіндеген жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 3 бірдей бабымен хаттама толтырылды. Нақтырақ айтсақ, ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі «Жалған мемлекеттік белгіні тағып, пайдаланып жүру» және 603-бабының 2-бөлігі «Арнайы рұқсатсыз дыбыс сигналын қойып жүру» бойынша хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар Келес аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сондай-ақ, «Төтенше жағдай режимін бұзғаны» бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды.