ТҮРКІСТАН: Леңгірде алғаш рет күрделі ота жасалды

0
659

ТҮРКІСТАН: Леңгірде алғаш рет күрделі ота жасалды


ТҮРКІСТАН: Леңгірде алғаш рет күрделі ота жасалды

Леңгір қалалық ауруханасында алғаш рет күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Леңгір қалалық ауруханасына 2005 жылғы науқас түсті. Науқастың айтуы бойынша бір жыл көлемінде оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі мазалап жүрген.


Алматы және Шымкент ауруханаларына қаралған, амбулаторлық ем қабылдаған.


Леңгір қалалық ауруханасындағы толық тексерулерден кейін науқасқа ота жасау жоспарланды. Жалпы өт жолы кесіліп, өт қабы алынып, жалпы өт жолына ащы ішек жалғанды.


Мұндай күрделі ота Леңгір қалалық ауруханасында бірінші рет жасалды. Отаны Леңгір қалалық ауруханасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Елдос Сұлтанов жасады.


Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы.