"Nomad explorer" экспедициялық тобы Түркістан облысына ат басын бұрды.
"Nomad explorer" экспедициялық тобының 700-ге жуық туристері "Оңтүстік аңыздары" деген атпен Жамбыл мен Түркістан облысын аралап жүр, деп ERNUR.KZ хабарлайды тілшісі.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар бүгін Бəйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірінде болып, Домалақ ана кесінесін көрді.
"Nomad explorer" экспедициялық тобының туристерін 87 жол талғамайтын автокөлік пен 4 автобус алып жүр. Олар кешке Жамбыл облысына аттанып, ертең Қазығұрт тауына шұғуды көздеп отыр.