ТҮРКІСТАН: Облыс әкімдігі мен ҚР кәсіподақтар федерациясы арасында әлеуметтік әріптестік орнатылды

0
1 349


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімдігі мен ҚР кәсіподақтар федерациясы арасында әлеуметтік әріптестік орнатылды

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі" Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерді іске асыруда жұмыспен қамтылуға тартылатын азаматтардың еңбек қүқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев пен ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б. Әбдірайым өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екіжақты кездесу барысында облыс басшысы Ж.Түймебаев еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытып, халық мүддесі мен игілігі жолында кәсіподақтармен жұмыла жұмыс істеуді қолдайтындығын жеткізді.

Өз кезегінде республикалық Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым меморандумның маңыздылығына тоқталды.

"Түркістан облысында кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындар мен ұйымдар саны артып келеді. Осы мақсатта жергілікті атқарушы билікпен жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесінің дамуына ықпал етуге бағытталған іс-шараларды бірлесе жүргізуге келісім жасап отырмыз", - деді Б. Жарылқасынұлы.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі