Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді

0
2 283

Биыл 608,7 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөнделетін болады.       


Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді

Түркістан облысында 828 нысан жөндеуден өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында 2020 жылдың қорытындысымен 828 нысан, оның ішінде 1525,4 шақырым жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жылдық жоспар бойынша қалған 40 нысан, 449,4 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі. Ал 2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 155 нысан қамтылып, 608,7 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөнделетін болады.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2020 жылдың қорытындысымен 79%-ға қол жеткізілді. 2021 жылдың жоспары ретінде 81,4%-ға жеткізу межеленген. Аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін 89,8%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Облыс орталығы Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Асфальт жабындысы бар көшелер – 300,8 шақырымды (35,6%),тас және топырақ жабынды көшелер – 544,2 шақырымды (64,4%) құрап отыр. 2020 жылы 166,4 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы көшелердің үлесі 23,7%-дан 35,6%-ға артқан. 2021 жылы Түркістан қаласының автомобиль жолдары саласын дамытуға 3,4 млрд.теңге қаралып, 40,4 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда.