Өткен жылы 2 нысан пайдалануға берілді.
Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, жүйелеу, жөндеу жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Дархан Сатыбалды баяндап берді.
Әкімнің айтуынша, Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, өткен жылы 2 нысан пайдалануға берілді.
Олар:
1. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы (Сыйымдылығы 18 млн.м3). Нәтижесінде, жылына қосымша 34 млн. текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік берді.
2. Түркістан магистралды каналын 59 км бетондау арқылы 60 млн. текше метр су үнемделді.
Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасуда.