Түркістан облысында жол жөндеу қарқынды жүргізіліп жатыр

0
774

"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы жүйелі жүргізілуде.


Түркістан облысында жол жөндеу қарқынды жүргізіліп жатыр

Сарыағашта 16 көше жөндеуден өтіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев жұмыс жоспарына сай Қабланбек ауылдық округіндегі жол құрылысы жұмыстарымен танысты. Биылғы жылы Қабланбек елді мекенінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшеге, яғни 18,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы бұған дейін жол салынып болған соң барып, сапасын тексеретін. Қазір құрылыс жүріп жатқан кезде бақылауға мүмкіндік бар.

Ол үшін арнайы жылжымалы зертханалар жұмыс істеуде. Заманауи құрылғы арқылы олқылық анықталған жағдайда дер кезінде құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін қалпына келтіруді мердігер мекеме басшысына тапсырды.

Жол құрылыстары жоспарға сәйкес қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілу жоспарлануда.

Айта кетсек, Қабланбек ауылдық округі аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағындағы көшелердің жалпы ұзындығы 102 шақырым болса, оның ішінде 39,2 шақырым қанағаттанарлық жағдайда, ол 46 пайызды құрайды. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшенің 18,8 шақырымы жөндеуден өткізілгеннен кейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 58 пайызды құрайтын болады.