Түркістан облысындағы туристік ағын 1,5 млн. адамды құрайды

0
2 689

Туризм саласын дамыту – Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі.


Түркістан облысындағы туристік ағын 1,5 млн. адамды құрайды

Түркістанға келетін туристер саны 5 миллионға жетеді деп күтілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірлердегі туризм саласын дамыту – Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы туристік ағын 1,5 млн. адамды құрайды, таяу жылдары өңірге келген саяхатшылар қатары 5 миллионға жетеді деп күтілуде. Туристік инфрақұрылымды жетілдіру үшін өткен жылы 11,7 млрд. теңге сомасына 321 жұмыс орнын құрумен 12 жоба іске асырылды.

Ең ірі жобалар – Rixos Turkistan және Hampton by Hilton қонақ үйлері. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 120 млрд. теңгенің 1 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға бағытталған 20 жобаны іске қосу күтілуде. Олардың қатарында өңірдің ең ірі жобаларының бірі – «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені бар.

Сондай-ақ, алдағы екі жылда «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығын салу жоспарлануда.

Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі салаларына шетелдік инвестицияларды тартуға баса назар аударылды. Облыста химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау белсенді дамуда. 2020 жылы өнеркәсіп саласында 7,5 млрд. теңге сомасына 21 жоба іске асырылып, 2 мың жұмыс орнын құрды. Соның ішінде шетелдің қатысуымен 500 млн. теңгеге жоба іске қосылды («Turkistan textile» ЖШС тігін фабрикасы).

Ірі инвесторлар облыс басшылығына және «TURKISTAN INVEST» РАПИРЭ жобасын іске асыруға көрсетілген көмегі үшін алғыс айтып, фронт-офис пен әкімдіктің үйлесімді жұмысын атап өтті. Өз кезегінде Өмірзақ Естайұлы инвесторлардың облыстың кәсіпкерлік саласындағы жетістіктеріне қосқан зор үлесін атап өтіп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Сондай-ақ ірі серіктестермен өзара іс-қимылдың даму барысын жіті қадағалайтынын және туындайтын мәселелерді шешуге және жобаларды іске асыруға барынша жәрдем беретінін айтты.