ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында 40 көше жөндеуден өтті

0
2 555

Биыл тағы да жөнделеді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында 40 көше жөндеуден өтті

Ордабасы ауданында 18 көше жөнделеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданындағы жалпы автомобиль жолының ұзындығы 1 335 шақырымды құрайды. Оның 73,3 шақырымы - республикалық маңызы бар, 242,8 шақырымы – облыстық, 81,5 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Аудандағы жолдардың 85,6%-ы –асфальттанған, ал 7,2 шақырымына – шағал тас төселген. 2020 жылы ауданда жалпы 40 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың жалпы ұзындығы - 68,5 шақырым.

2021 жылға 8 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына (28,3 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, салалық басқарма арқылы 2 облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына (29,3 шақырым) орташа жөдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қараспан және Төрткүл ауыл округтерінде жалпы 31 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге салалық басқармаға сұраныс жолданған.

Аудандық бюджеттен 18 көшеге (31,8 шақырым) орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.