​ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

0
618


​ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

ERNUR.KZ. Әйелдердің халықаралық күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауылдық округтердегі көпбалалы аналардың шаңырақтарында болып, әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы аналарды мерейлі мерекемен құттықтады.


«Халқымыз қашан да ананы ардақтап, әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп бағалаған. Жылына бір тойланатын мерекеде барша ана, қыз-келіншектеріміздің еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету біздің парызымыз», деді Азат Оралбаев.

Аудан басшысы түрлі салада қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған көпбалалы аналармен сұхбаттасып, мерекеге орай сый-сияпат жасады. Өз кезегінде ардақты аналар аудан әкіміне арнайы құттықтап келгеніне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Айта кетейік, Темірлан ауылының тұрғыны Оразкүл Алшынбаева 13 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 50 немере, 35 шөбере көріп отыр.

Қараспан ауыл округіне қарасты Берген ауылының тұрғыны Оразкүл Арыстанбайқызы 3 ұл, 3 қызы өсіріп, 23 немере мен 6 шөбере көріп отыр. Ардақты ана 40 жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.

Қажымұқан ауылының тұрғыны Ұлбосын Ақмолдақызы 4 баланы дүниеге әкеп, олардан 11 немере, 7 шөбере сүйіп отыр. Ұлбосын апа Қажымұқан совхозында жұмыс жасап, трактор, комбайн айдаған. СССР кезінде депутат болып сайланған