ТҮРКІСТАН: Сарыағашқа 100 мыңнан астам турист келген

0
830

Шипажайлар ауруға ем, сауға қуат дарытып келеді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашқа 100 мыңнан астам турист келген

2021 жылы Сарыағашта бірнеше шипажай ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына байланысты 2021 жылы Сарыағаш ауданында «Керуен», «Таң нұры» және «Келес арасан» шипайжайларының құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілген. Шипажайлар заманауи құралдармен жабдықталған және барлық талапқа сай. Осы шипажайлардың ашылуы негізінде жергілікті тұрғындардың жұмыс мәселесі шешіліп, тұрақты жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған.


Атап өту керек, Сарыағаш ауданына өткен жылы 112 мыңға жуық турист келген. Оларға 53 емдік-сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 22 қонақүй қызмет көрсетті. Сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 нысан іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.