ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 112 шақырым жол жөнделеді

0
425

Оның 69 шақырымына асфальт төселеді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 112 шақырым жол жөнделеді

Сарыағаш ауданында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш аданының әкімі Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан 1,1 шақырымды құрайтын Өркен көшесіне асфальт төсеу жұмыстары барысымен танысып қайтты. Снымен қатар, биыл Жібек жолы ауылдық округінде Әжібеков, Ынтымақ, Абай және Кемпіреков көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.


Нысан құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге және тиісті бөлім басшыларына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда істеліп жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.


Айта кетсек, биыл аудан бойынша жалпы 96 көшенің 112 шақырымы жөнделетін болса, оның ішінде 69 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары, ал 43 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, «Ауыл— Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде жалпы 16 көшенің 17,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Ал, облыстық бюджет есебінен 20 көшенің 11,8 шақырымына және жергілікті бюджет есебінен 60 көшенің 83 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 7,3% артып, 2022 жылы 60,3%-ға ұлғаятын болады.

Бөлісу