ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 65 шақырымнан аса жол жөнделіп жатыр

0
432

32,4 шақырымына асфальт, 12 шақырымына шағал төселді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 65 шақырымнан аса жол жөнделіп жатыр

Сарыағаш қаласының аумағындағы көшелердің жалпы ұзындығы 177 шақырымды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш қаласының аумағында бүгінде ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 177 шақырымды құрайтын болса, оның ішінде 132 шақырымы асфальт жол мен 28,5 шақырымы шағал жол бар.


Биыл Сарыағаш қаласында жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 46 көшеде жол жөндеу жұмыстары жандануда. Оның ішінде бүгінгі таңға 32,4 шақырымына асфальт, 12 шақырымына шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал 21,3 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған.


Атап айтқанда, Жібек жолы, Қызылорда, Өндіріс, Ортатөбе, Жеңістің 45-жылдығы, Оразалы ата, Т.Оспанов, Ақтөбе, Нұр, Қошқарбаев, Кескен, Д.Нұрпейісова көшелері асфальтталған болса, Телемұнара, Шымкентбаев, Сарайшық, Арал, Бостандық, Тасболтаев, Бегімқұлов, Көктем, Майлықожа (автостанциядан Дүйсебайұлы көшесі қиылысына дейін), Алтынсарин, Әскери қалашық, М.Қалжігітов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.


Ал «Самал-3» мөлтек ауданы аумағындағы 16 көшеге жалпы ұзындығы 12 шақырым шағал төсеу жұмыстары жүргізілген.