ТҮРКІСТАН: Сауран ауданына 85 мың турист келген

0
513

56 тарихи-мәдени нысан бар.


ТҮРКІСТАН: Сауран ауданына 85 мың турист келген

Былтыр Сауран ауданына 85 мың турист пен қонақ келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында 56 тарихи-мәдени нысан бар. Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін орындар – Ескі Сауран қалашығы мен Үкаша ата, Жүсіп ата кесенелері. Өткен жылы тарихи-мәдени нысандарға 85 579 турист пен қонақ келген.


Бүгінде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі.


Бұдан өзге демеушілер есебінен 97 млн теңгеге «Жүсіп ата» кесенесінің айналасына абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 1,1 млрд теңгеге инвестиция тартылып, жоспар 110 % орындалды.