ТҮРКІСТАН: Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

0
266

Оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру мәселесі талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының мәжілісі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының мәжілісі өткізілді. Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.


Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудандардың есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру мәселесі талқыланды.


Атап айтқанда, қазіргі таңдағы жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары қаралды. Экстремизм мен терроризм белгілері бар саяси-қоғамдық тұрақсыздандыру фактілеріне жол бермеу шаралары, сондай-ақ, ұлтаралық жағдай мен ұлттар арасындағы қақтығыстарды алдын алу профилактикасы сөз болды. Тәуекел топтар арасында профилактикалық шараларды жандандыру және ДДА идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселесі және оны шешу жолдары да ұсынылды.


Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен бірге жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен талдау нәтижелері баяндалды.

Бөлісу