Өткен сайыста оза шыққан 7 ақсақал ақтық сында өз өнерлерін көрсетті.
Түркістан облысы, Төлеби ауданында ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер!» атты байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі заманғы қариялардың ел арасындағы өзіндік орынын кейінгі буын жастарға көрсеті және паш ету мақсатында, Төлеби аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында елдігіміздің көкжиегін кеңейтер, ел бірлігі мен халықтар достығын нығайтып, жас ұрпақтың туған топырағына деген сүйіспеншілігін арттыратын және ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл мұраларымызды: тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, мақал мәтелдеріміз бен шешендік сөздерімізді, ырым-тыйымдарымызды кеңінен насихаттап, жастарымызды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелейтін рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Батаменен ел көгерер!» атты аудандақ ақсақалдар байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен 7 ақсақал ақтық сында өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылды:
І –ОРЫН – Манапов Тұрғынбек (Кемеқалған ауылдық клубы)
ІІ –ОРЫН – Омарханов Сатыбалды (Зертас ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ –ОРЫН – Мырзалиев Төленді (Қостөбе ауылдық клубы)
ІІІ –ОРЫН – Сұлтанбеков Омархан (Диханкөл ауылдық клубы)
«Ақылды қария, ағынды дария» номинациясы – Бектуров Қыстаубай (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)
«Өнегелі қария» номинациясы – Қалиев Жұмабек (Жамбыл ауылдық клубы)
«Қазыналы қария» номинациясы – Асанов Есімхан (Жоғарғы Ақсу ауылдық округі)