ТҮРКІСТАН: Тозығы жеткен каналдар жөндеуден өткізіліп жатыр

0
233

3616 гектар егістік жердің қайта айналымға қосылуына мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Тозығы жеткен каналдар жөндеуден өткізіліп жатыр

«Тұран су» мекемесі шардара ауданындағы тозығы жеткен каналдарды жөндеуден өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығына бейім Шардара ауданында да ауқымды жұмыстар жалғасын тапты. Яғни облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысы негізінде «Тұран су» МКК қазіргі таңда Ақшеңгелді және Достық ауылдық округінде төрт бірдей маңызды нысан құрылыстарын жүзеге асыруда.


Аталмыш ауылдарда Кеңестік кезеңде салынып, әбден тозығы жетіп тұрған ирригациялық су жүйелері толықтай жаңартылып жатыр. Аталмыш жобаға тапсырыс беруші Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы болса тиісті жұмыстар нәтижесінде екі округ бойынша жалпы ұзындығы 48,2 шақырымды құрайтын бетон арықтар толығымен жаңадан орнатылады. Бұл Ақшеңгелді және Достық ауылдарында ағын судың өз денгейінде жетіспеушілігінен игерілмей жатқан 3616 гектар егістік жердің қайта айналымға қосылуына мүмкіндік береді.


Бүгінгі таңда су арналарындағы құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатса екі бірдей ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 28 шақырымнан асатын каналдар жаңартылып талапқа сай лоток қалқаншалар орнатылып үлгерген. Ал тиісті жұмыстар «Тұран су» мекемесі тарапынан уақытылы әрі тиісті нормалар мен ережелелерге сәйкес атқарылып келеді.


Ең бастысы Ақшеңгелді және Достық ауылдық округіндегі ескі бетон каналдарды толық жаңалап қайта салу нәтижесінде мұндағы гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэфиценті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезеңде жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етіледі.