3G және 4G интернет желілері толық қамтамасыз етілмек.
Түркістан облысында ұялы байланыс және интернет мәселелері бойынша call-орталық іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының ауылдық өңірлерінде ұялы байланыс және интернет мәселелері бойынша 109 call-орталығы іске қосылды. Ол облыс тұрғындары мен қонақтары үшін ғаламторды барынша қолжетімді ету, тиімді тарифтерді қиындықсыз қосу, қажетті базалық қондырғыларды орнату бойынша қоңыраулар қабылдап, кеңес беретін болады. Сондай-ақ, 109 Call-орталығы - ауыл тұрғындарының интернет тарифтерін қосу мен байланыс қызметтері бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдайды.
Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уақытта Түркістан облысындағы ұялы байланыстың нашар аймақтарында тұратын тұрғындар үшін қашықтан жұмыс істеу және онлайн түрде оқыту мүмкіндігін арттыру мақсатында 3G және 4G интернет желілері толық қамтамасыз етілмек.
Айта кетейік, 2020 жылдың басынан бері Түркістан облысындағы интернет жүйесі наашар елді мекендерге ғаламтор желілері тартылып, тиімді жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар қазіргі уақытта да атқырылып келеді және алдағы уақытта да жалғасын таппақ.