​ТҮРКІСТАН: Жетісайда ауқымды сенбілік өтті

0
132


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда ауқымды сенбілік өтті

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы іс-Жетісай ауданында қарқынды жүргізілуде. Аталмыш шараға қатысушылар мен санитарлық тазалық жанашырларының да саны күн санап артып келеді.


Жалпы аудандық сенбілікке 4 мыңға жуық тұрғын мен 15 техника жұмылдырылды. Республикалық, облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойлары, арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, 10 тонна қоқыс шығарылды.
Аудан әкімі Серік Үсенұлының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес аумақтағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру мақсатында көшелер кеңейтіліп, түнгі жарықшамдар орнатылуда. Арық-атыздар мен қашыртқылар тазаланып, көшет егу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Жауаптылардың айтуынша қала, кент, барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстарын жүргізудің, тұрмыстық күл-қоқысты шығарудың арнайы кестесі де бекітілген.