Түркістанда азық-түлік бағасына бақылау жүргізілді

0
376

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынды.


Түркістанда азық-түлік бағасына бақылау жүргізілді

Түркістан қаласы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен Түркістан қаласы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары дүкен сөрелерінде бар тауарлар ассортиментімен мұқият танысты. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынды.


Мониторинг барысында бірқатар дүкендерде сүт және тауық өнімдеріне бағаның шамалы өсуі тіркелді. Бұл мониторингке облыстық басқармалар, департаменттер және қала әкімдігі қатысты.


Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін бірқатар тауар өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады.


Мониторингті қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Кенжеханұлы Ермек облыстық басқармалар мен қала әкімдігіне күнделікті дүкендерді аралауды, тауар интервенцияларын жүргізу бойынша жұмысты күшейтуді, дүкендердегі сөрелерде азық-түлік тауарлары қорының жеткілікті көлемін қалыптастыруды, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін делдалдарды анықтау бойынша жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жақын арада өндіруші кәсіпорындармен, жеткізушілермен және дүкен иелерімен мәжіліс өткізіледі.


Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс күнделікті бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылдануда.