Қиярдан мол өнім алу үшін оған "сүт беріңіз"

0
3 741

Бүгінде тәжірибесін тереңдетіп, алуан түрлі әдісті қолданатын бағбандар бақшада сүтті кеңінен пайдалануда. Қызығы да сол – сүт расында бақшаға өте қажетті екен! Ендеше, сіз де байқап көрсеңіз болады. Әсіресе, қиярдан мол өнім алғыңыз келсе, оған "сүт беру" керек көрінеді.


Қиярдан мол өнім алу үшін оған

Бүгінде тәжірибесін тереңдетіп, алуан түрлі әдісті қолданатын бағбандар бақшада сүтті кеңінен пайдалануда. Қызығы да сол – сүт расында бақшаға өте қажетті екен! Ендеше, сіз де байқап көрсеңіз болады. Әсіресе, қиярдан мол өнім алғыңыз келсе, оған "сүт беру" керек көрінеді.

Тап қазір жаздық қиярдың өнім бере бастайтын кезі. Оның өнімін молайту үшін сүтті қолданып көрсеңіз болады.

Ол үшін сізге:

  • 1 л балғын сүт;
  • 30 тамшы йод;
  • 10 л су;
  • 20 г кір сабын ғана қажет.

Қоспа жетіспей жатса дәл осы үлес бойынша тағы да араластырып дайындап аласыз.

Қолдану әдісі

Жоғарыдағы заттардан қоспаны дайындап алған соң күн батқан кезде қиярға сеуіп шығасыз. Егер оны күндіз жасайтын болсаңыз, қияр жапырақтары сүт пен күннің, йодтың әсерінен күйіп қалады.

Сүт пен йодтан тұратын қоспа қиярды қосымша қажетті заттармен байытып, онда болатын ауруларға қарсы әсер етеді. Ерте сарғайып кетпей, жасыл қалпын ұзақ сақтап, соның нәтижесінде әдеттегіден мол өнім береді.

Міндетті түрде байқап көріңіз. Әдіс көңіліңізді қалдырмайды. Жыл сайынғы қолданатын оңай да пайдалы бір тәжірибеңіз болып қалады.