Қыста үйде қызанақ пен болгар бұрышын өсірсеңіз... өкінбейсіз!

0
9 953

Күнделікті ас мәзіріне керекті көкөністі терезенің алдынан теріп алу - кез келген әйелдің арманы болса керек, ә?!


Қыста үйде қызанақ пен болгар бұрышын өсірсеңіз... өкінбейсіз!

Ерте көктемнен басталатын бау-бақша шаруалары қысқы маусымда біршама саябыр табады. Бірақ мұндай кезде сыртқы шаруалар бітті деп қарап жатуға бола қоймас.Балғын көкністердің қысқы уақытта бағасы еселей түседі, ал бақшаға кішігірім жылыжай жасау да қалтаға салмақ салады. Сондықтан мұның ең оңай шешімі - бөлмедегі «бақша».

Яғни, үй ішінен егілген бақша. Үй ішінде көкөністер өсіру - бұл көп шығын мен ерекше күтімді талап етпейтін, бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлесім табатын дүние. Сондықтан үй ішінде бақша егуден қорықпаңыз. Істің ыңғайын таба білсеңіз, жыл бойы өзіңізді үйден шықпай-ақ балғын көкөністермен қуанта аласыз.


Бау-бақшаны терезе алдында өсіру

Қыста терезе алдында кішігірім үй бақшасын жасау үшін, алдымен мұқият дайындық қажет:

  • пластикалық контейнер (кез-келген пластикалық бөтелке мен стақандар) немесе гүл құмыралары;
  • полиэтиленді үлбір (пленка) – бұл кішігірім жылыжай жасау үшін;
  • сапалы топырақ пен көкөністерге арналған тыңайтқыш;
  • ультракүлгін шам - күндізгі жарық үшін;
  • термометр – үйдегі бақшаның температуралық жағдайын бақылауға.

Топырақты кез-келген арнайы бау-бақша дүкендерінен алуға болады. Алдын-ала дайындап қойған ыдыстарды топырақпен толтырып, үстінен су құйып топырақты ылғалдандырып қою қажет. Су топыраққа жақсылап сіңіп, ылғалданған соң ұрықты сеуіп немесе көшетті отырғыза беруге болады. Ұрық себілген жағдайда, бетін полиэтиленді үлдірмен жауып, ыдыстарды жылы жерге қою қажет. Ұрық өніп шыққанша бетіндегі үлдірді алуға болмайды.

Өскіндер өсіп шыға бастағаннан ауа айналысын жақсарту үшін бетіндегі үлдір алынады. Мұнан кейін ыдыстарды терезе алдына немесе күндізгі даланың жарығы молынан түсетін үй ішіндегі ыңғайлы жерге қойылғаны жөн.

Үй ішіндегі бақшадан сапалы, мол өнім алудың негізгі кепілі – уақтылы суғару, тыңайтқышты толықтыру және мол жарық. Қысқы маусымда күннің көзі аз болатындықтан қосымша жарық көзі қажет.

Ұрықты егіп, оны өсіруге уақыт тапшы жағдайда дүкеннен көшетін алып қондыруға болады. Қондырылған көшетке де жоғарыда айтылып өткендей күтім қажет.Ендігі кезекте әр көкөністі өсіруге жеке сипаттама бере кетейік:


Пияз. Көкөністердің ішіндегі ең бір егуге қолайлы, ерекше күтімді талап етпейтін, тез өсетін және кез-келген астың айрылмас бөлшегі болып кеткен - көк пияз. Жасыл пиязды өсіруде негізі ретінде түйінді пияз алынады. Оны тамырлап өнуі үшін бірден ыдыстағы топыраққа отырғызуға немесе жай суға салып қоюға да болады. Бастысы суға пияз толық батпай, ылғалда тек түбі ғана тұруы қажет. Өйткені суға толық батқан пияз тез шіріп кетеді.

Кішкентай түйінді ұрықтар тез жарамсызданғанымен өте дәмді, нәзік әрі балғын болады. Ал ірі ұрықтан алынған өнім ұзағырақ тұрғанымен жуан әрі дәмі ащылау болады.

Үй жағдайында 10-15 бас пиязды қондыру үшін, арнайы контейнер немесе 5литрлік пластикалық ыдыстың жоғары бөлігін кесіп әдемі ыдыс жасап алуға болады. Барлығын бірден отырғызуға болмайды, алдымен 7-9бас ал екі аптадан кейінтағы осынша бас отырғызуға болады. Осылай жыл бойы өзіңізді балғын жасыл пиязбен қуанта аласыз.


Жапырақты салат. Мамандардың пікірінше, үй ішінде егу үшін жапырақты салаттың екі түрі жарайды: Лолло-Росса және Лолла-Бионда. Алайда бұл өсімдік пиязға қарағанда күтім мен жарықты көбірек талап етеді. Өнім балғын әрі нәзік болуы үшін топырағы үнемі бірқалыпты ылғалды болуы тиіс. Қатты құрғап кету мен шектен тыс суғару жапырақтың ащы болуына әкеледі. Ұрық өсіп шыққан соң арасын 1–1,5 см болатындай етіп артық өскіндерді алып тастау қажет.


Ақжелкен. Бұл өсімдік бап пен күтім талғамайды әрі тез өседі. Ақжелкенді бірнеше әдіспен егуге болады.

  • Ұрықты себу. Алдымен ұрықтардыгумиге (тыңайтқыш) жібітіп алып, кейіннен ыдыстағы ылғалды топыраққа себу керек. Өсіп шыққанша жылы жарық жерде тұруы тиіс. Өскіндер пайда бола бастасымен терезе алдына немесе үй ішіндегі ыңғайлы жерге қоюға болады.
  • Дайын көшет. Бұл тәсіл ұрықты сепкенге қарағанда өте оңай. Ал көшет кез-келген бақшаға арналған дүкеннен табылады. Орташа шамадағы көшеттерылғалды топыраққа қондырылады.

Ақжелкен көп су мен жарықты аса қажет ете бермейді. Аздап топырағын жібітіп, шамадан аспай тұрса болғаны. Сондай-ақ арасын сиретуді де қажет етпейді.


Қияр. Әрине бұл көкөністі үй ішінде өсіру мүмкін емес секілді. Дегенмен дұрыс бабын келтіріп, уақтылы күтім жасаса бәрі де мүмкін. Қиярды терезе алдында үйде өсірудің артықшылықтары:

  • Аса қиын емес, тіпті бұрын бақша егіп көрмегендер де оп-оңай өсіре алады
  • Жыл бойы жаңа піскен өнім алуға болады

Үй ішінде қияр егу үшін алдымен оның сұрыптарын таңдап алу керек. Себебі қияр сұрыптарының барлық түрі үйде егуге жарай бермейді. Үй ішіне егуге болатын: Легенда Ғ1, Маринда Ғ1, КонниҒ1, Дебют, Атлет, Вавилон, Клавдия Ғ1 сұрыптары.

Қияр дәруменге бай әрі тез өсуі үшін үй ішінде қолайлы жағдай жасалуы тиіс:

  • Жарық. Қияр жарықты жылуды өте жақсы көреді, сондықтан табиғи жарық оларға аздық етеді. Ауа-райы бұлтты кезде және қараңғылық түскеннен кейін шам жағып жарық етіп қою қажет.
  • Жылы. Қияр үшін+20 мен +24градус жылылық сақталу қажет. Бұдан төмен температурада өнім кеш пісіп, балғындығы жойылады.
  • Ылғал. Қиярдың бақшада немесеүйде егілгені болсын шөлдікөтере алмайды. Міндетті түрде топырақтың ылғалдылығы қадағаланып отыруы тиіс.


Қызанақ. Терезе алдындағы қызанақ кез-келген әйелдің арманы десек артық болмас. Қызанақ – қиярға қарағанда шөлге төзімді. Жылуды да +17 және +24 арасында қажет етеді. Сондай-ақ қызанақ тұрған жерді желдетіп алуға болады. Қияр секілді емес, қызанақ өкпек желден қорықпайды. Үй ішінде өсіруге қызанақтың келесі түрлері жарайды: Бетта, Бансай, Черри, Флорида, Талисма.


Тәтті бұрыш. Болгар бұрышы - үй жағдайында өсіруге қолайлы қарапайым көкөністердің бірі. Ол артық жылу мен жарықты қажет етпейді. Үйде өсіруге арналған сұрыптары: Юпитер Ф1 – қызыл және жасыл етті өнім береді, Ода – тәтті бұрыштың ең бір мол өнім беретін сұрып түрі.

Ұрықты сепкеннен кейін жылыжай тәріздес бетін үлдірмен жабу қажет. Өскін өніп шыққан соң, тыңғылықты орналасатын топырағында тыңайтқышы мол басқа ыдысқа ауыстырылады. Күнделікті температура +22 мен +26 болса өте жақсы. Тәтті бұрыш оңтүстіктің өнімі болғандықтан қажет кезде қосымша жарық болғаны дұрыс.

Үй жағдайында бақша өсіру мүмкін нәрсе, тек бұл үшін тыңайтып, суғарған кезде шыдамдылық болса болғаны. Бұл үшін көп жылдық мол тәжірибесі бар арнайы бағбанболудың қажеті жоқ.Бастысы үй ішінде +17 мен +18 градус жылылықты ұстап тұрсаңыз болғаны.

Үйдегі бақшаларыңыз жайқалып, балғын өнімімен қуанта берсін.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жаңа жылдық ОТШАШУ кезінде МҰНЫ білмегеніңіз жарамас

Жаңа жылды көп шығындалмай тиімді қарсы алудың жолдары