Бұл үш жағдай аптаның кез-келген күнінде келуі ықтимал. Астрологтың сіз жайлы не болжағанын білгіңіз келсе, бұл жұлдызнаманы аттап өтпеңіз.
иллюстрациялық фото: ehonami.blob.core.windows.net
Тоқты
- Бойыңызда ұйықтап жатқан «саяхатшы» оянып, түрлі сапарлар мен қызықтарға қарай тартады. Соңынан ерсеңіз, көптеген пайдалы нәрселерге қол жеткізіп, пайдалы ақпараттарға қанығасыз.
- Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Әсіесе, ағзаңыздың буын мен сүйек бөліктеріне қауіп төну мүмкіндігі жоғары.
- Сауда-саттық үшін сәтті апта. Көптен көздеп жүрген көлемді затыңыз болса, оны осы аптада сатып алыңыз.
Торпақ
- Көптен көксеген арманыңызға қол созуға осы аптада батылдығыңыз бек жетеді.
- Жеке өмірде өзгелердің сөзіне мән бермей, жүрегіңізді тыңдасаңыз, сүйіктіңізбен арақатынас жақындай түседі.
- Бұл күндері ағзаңыз аздап аялдап, тынығуды қажет етеді. Массаж, косметолог немесе спа-салонының қызметіне жүгінсеңіз, жоғалған қуат орнын қайта толтырып аласыз.
Егіздер
- Қызмет барысында мойныңызға маңызды міндеттер артасыз және олардың барлығы жетістікпен аяқталады.
- Күтпеген ақпарат пен аяқ асты қабылданған шешімдер жетегінде кетпей, алдын-ала құрылған жоспармен жүрсеңіз, көпеген игіліктерге қол жеткізесіз.
- Бұл жеті сіз үшін жаңа сезімдердің бүршік ататын аптасы. Сондықтан, көп уақытыңызды сүйіктіңізге, егер әлі кезіктірмеген болсаңыз, оны іздеуге арнаңыз.
Шаян
- Бойыңызда көптен бері бұғып жатқан қуаттың көзі ашылып, жаңа биіктерді бағындыруға жетелейді. Батыл болсаңыз, ойға алған шыңдарды міндетті түрде бағындырасыз.
- Өз-өзіңізге қатал сын көзбен қарап, сенімділік атты сезімге селкеу түсуі мүмкін. Әйткенмен, мұның бекер екенін, бәрін дұрыс жасап жатқаныңызды естен шығармаңыз.
- Біреу көмек сұрайды, біреу кеңес сұрайды... Солайша қызықты оқиғалардың ортасына тап боласыз. Бірақ, өзгелерге көмектесемін деп жүріп өзіңізді құрбан етіп алмаңыз.
Арыстан
- Батыл әрекеттерге барыңыз, сол арқылы сізді мойындамай жүргендердің құрметіне ие боласыз. Көпшіліктің назары сізге ауып, бәсекелестердің қызғанышы арта түседі.
- Жеке өмірде де жасқаншақтық танытпаңыз, өйткені, махаббаттағы сәттілік жебесі сіздің қолыңызда.
- Демалыс күндері бір кездері ренжіскен жанмен татуласу мүмкіндігі мол, құр жіберіп алмаңыз.
Бикеш
- Жіберген қателіктерден сабақ алып, жетістіктерге марқаятын кез. Бір сөзбен айтқанда, талдау-саралау аптасы болғалы тұр.
- Қаржылық және құжаттарға қатысты сұрақтарды шешуге ең оңтайлы апта, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
- Сақ болыңыз, бұл аптада бәсекелестеріңіз де белсенді.
Таразы
- Отбасы мен үйге қатысты шаруалар оңтайлы шешіліп, жеке өмірде жолыңыз болатын апта.
- Күтпеген, жоспарланбаған шығындар біршама шығыс шығаруға себеп болады.
- Аяқ асты шешім қабылдап, эмоция жетегінде әрекет етуден сақ болыңыз. Мұның соңы жақсылық әкелмеуі мүмкін.
Сарышаян
- Мансап баспалдағында жоғары көтерілуіңізге жол ашатын бірқатар шаруалар бар. Оларды шешуді осы аптада қолға алсаңыз, жемісті де жеңісті болады.
- Қолыңызға қомақты қаржы түседі. Бірақ оны жұмсауға не қандай да бір салым салуға асықпаңыз.
- Жан-дүниеңіз рухани азықты қажет етеді. Кітап оқыңыз, танымдық фильмдер қараңыз немесе адамдармен көбірек араласып, әңгіме-дүкен құрыңыз.
Мерген
- Бұл аптада айыңыз оңынан туып, біршама табыстарға кенелесіз. Бұл жеке өмірге де, жұмыс барысына да қатысты.
- Мансабыңыз жоғарылауы мүмкін, сондықтан, барынша ұқыпты әрі табанды қызмет етіп, өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз.
- Кәсіби біліктілігіңізді арттыру ойыңызда болса, бұл іске осы аптада кірісіңіз. Айталық, семинар, тренингтерге қатысып, жаңа білім алыңыз.
Тауешкі
- Бұл аптадағы күндеріңіз «үй-жұмыс-үй» схемасы аясында өтеді. Достармен бас қосып, көңіл көтеру, тынығуға мүмкіндік аз.
- Әйткенмен, мүмкіндік тауып, ой мен бой сергітуге тырысыңыз. Өйткені, қызметтегі жетістігіңіз сергектігіңізге тікелей байланысты болмақ.
- Жұлдыздар бұл аптада лотерея билетін сатып алып, ойнауға кеңес береді. Ұтысқа ие болу мүмкіндігі жоғары.
Суқұйғыш
- Өзгерістер үшін оңтайлы апта. Сондықтан, оны өз өміріңіздегі ұнамсыз нәрселерді өзгертуге уәде беруден бастаңыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
- Жаңа жобаны қолға алсаңыз, оны жүзеге асыру үшін бойыңыздағы бар қуатты, білім мен тәжірибені сарп етуге тура келеді.
- Жеке өмірде бақытты сәттер күтіп тұр: отбасын құрған Суқұйғыштардың өмірінде түсіністік пен махаббат орын алса, жалғызбастылар екінші жартысын жолықтырады.
Балықтар
- Бұл жетіде жұлдыздар сізге «жұмсақ» қарайды, нәтижесінде табысқа кенелесіз.
- Қаржылық жағдайыңыз әдеттегіден жақсы, сондықтан, көңіліңіз сауда-саттық жасауды қаласа, өзіңізге тыйым салмаңыз.
- Бойыңызда көп байқала бермейтін эгоизм оянады. Бұл жақсы да. Осы сәтті пайдаланып, сізге құрмет көрсетпей жүрген көп адамның өзіңізге қатысты қарым-қатынасын дұрыстап қойыңыз.
Оқи отырыңыз, өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме?
24-30 қыркүйек: жұлдыздар неден сақтандырады?
Аударған: А.Бектұрғанова,