​ЖҰЛДЫЗДАР қалай ұйықтайды?

0
2 579

Көктем келіп, күнұзаққа ұйқыңызды аша алмай, маужырап жүрсіз бе?


​ЖҰЛДЫЗДАР қалай ұйықтайды?

Көктем келіп, күнұзаққа ұйқыңызды аша алмай, маужырап жүрсіз бе? Қам жемеңіз, сіз ғана емес, бәрі сондай күйде. Көп ұзамай мезгілідң әсері кетіп, әлсіреу, қалжырау – бәрі де қалады.

Осы сәтте көктем мен ұйқының байланысын былай қойып, жұлдызблгілер мен ұйқының байланысы туралы айтып көрейік.


ТОҚТЫ

Бәрінен ерте ұйқыға жатады. Шаршаса, басқа шаруаның бәрін жинап, жастыққа бас қояды. Ұйқысына кедергі келтірсе, ашуланшақ, дөрекі болып кетеді.


ТОРПАҚ

Әбден қалжырап, шаршап, талып түскенше жүре береді. Шегіне жеткен кез келген уақытта ұйықтап кете салатыны қызық. Сөйлеп жатып, сөйлемін аяқтауға үлгермей ұйықтап қалатын әдеті бар.


ЕГІЗДЕР

Ұйқышыл емес. Алайда, шаршаса өзгеріп кететіні, өзін басқаша ұстайтыны бар. Оған қоса, ұйқысы келіп тұрса, өзі жастыққа жантаймағанмен, көз ілмегенімен, миы ұйықтап кетеді де, басқа нәрсе туралы ойлай алмай қалады. Сондықтан, олар үшін уақытылы тынығып тұру маңызды.


ШАЯН

Шаршаса, шиыршық атып, эмоцияға берілгіш болып кетеді. Әсіресе, негативті эмоцияларға көп бой береді. Тым сезімтал, тым көңілді, тым ашушаң, т.б. болып бір көңіл-күйге шектен тыс кіріп кеткенінен-ақ қалжырап қалғанын ұғыңыз.


АРЫСТАН

Ұйқыға жату процесі түрлі салт-жоралғыларға толы. Жуыну-шайыну, түнгі киім киюден бөлек, бөлменің ауасын тазарту, тыныштандыратын шай ішу, бүгінгі көңіл-күйіне сай төсек жаймаларын төсеу, бөлмені тыныштандыратын хош иіске бөлеу, майшам жағу, тағысын тағылар. Ешбір ұнамсыз нәрсе болмауы, ұйқысының барынша жайлы болуы үшін бәрін жасайды.


БИКЕШ

Жайшылықтағы пысықтығы шаршаған кезде еселеніп кетеді. Түнге қарай шабыты тасып, энергиясы одан асып, бір іске бел шеше кірісіп кеткен, түн ауғанша жұмыс істеп жүрген Бикешті көрсеңіз, таң қалмаңыз. Сондай-ақ, түнмен бірге басына түрлі ойлар келеді. Оны сол сәтінде біреумен бөліскенді, әңгімелескенді жақсы көреді. Қысқаша айтқанда, Бикешпен бірге болсаңыз, түн ауғанша ұйқы жоқ.

ТАРАЗЫ

Ұйықтар алдында жанға жайлы әуен тыңдағанды және жақын адамын құшақтағанды жақсы көреді. Энергиясы көп, сондықтан, тез шаршай қоймайды. Бір шаршаса, тез ұйықтап қалады.


САРЫШАЯН

Тәуліктің қай бөлігінде «шаршадым, ұйықтаймын» десе де, қарсы келе көрмеңіз. Сондай-ақ, дәл сол сәтте айтқанын жасай салыңыз, сұрағанын беріңіз. Әйтпесе, аяқ астынан дау шығып, ушығып кетуі мүмкін.


МЕРГЕН

Бойында артық энергиясы көп, оның қай уақытта толығып, қай кезде таусылып жататынын ешкім білмейді. Сондықтан, ұйқыға жату, ояну сындылардың нақты кестесі жоқ. Ел ұйқыға жатқанда ол жұмысқа кірісуі, төсекке таңға жуық жантайып, тал түсте бір-ақ тұруы әбден мүмкін.


ТАУЕШКІ

Энергиясын есеппен жұмсамайтындықтан, қатты шаршайды. Ал қатты шаршаса, ұйықтай алмай қалатыны бар. Өзінің шаршау екенін, ұйықтауы керегін біліп жатып, көз іле алмаса, қатты ашуға беріледі. Жатар алдында көңіл-күйі жақсы болмаса, қанша сағат ұйықтаса да, тынығып емес, керісінше, одан әрмен қалжырап тұрады.


СУҚҰЙҒЫШ

Қараңғылық түсе бастағанда түрлі ойлармен арпалысатын, сан алуан идеялар келетін жандар. Ол ойларды жай қалдырғысы келмей, бөлісетін адам іздейді. Сондықтан, жақын адамыңыз Суқұйғыш болса, біраз уақытқа дейін ұйықтап қалмай әңгімесін тыңдауға әзір болыңыз.


БАЛЫҚТАР

Ұйықтар алдында армандап, қиялдап жатқанды жақсы көреді. Жанында құшақтайтын жақын адамы (ата-ана, бауыры, жұбайы, баласы, т.с.с.) болғанын қалайды. Жасы қаншаға келсе де, анасының бесік жырымен әлдилегенін аңсайды. Кеш ұйықтап, кеш тұратындар қатарынан.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

2023-тің жеке саны осы жылдың қандай болатынын айтып береді