​ІШІМДІКТІҢ буына масайған ЖҰЛДЫЗДАР өзін қалай ұстайды?

0
1 527

Оны алдын ала болжау мүмкін емес, алайда астрологиялық жорамалға сүйене отырып, шамалауға болады


​ІШІМДІКТІҢ буына масайған ЖҰЛДЫЗДАР өзін қалай ұстайды?

Сурет: ЖИ

Ішімдік – басты кетіріп, буыннан алып, адамның шынайы әрі жасырын мінез-құлқын ашатын «сайтан су». Оның ықпалымен әр адам өзге түгілі өзі ойламаған, мүлде күтпеген түрлі әрекетке баруы мүмкін. Оны алдын ала болжау мүмкін емес, алайда астрологиялық жорамалға сүйене отырып, шамалауға болады.


Тоқты

Тоқтылар масайғанда импульсивті табиғатын мүлде жасыра алмай қалады. Тіліне ешқандай шектеу қоймай, ойына не келсе соны ашық айтады. Егер ортада «Кім көп ішеді?» деген жарыс немесе пив-понг ойыны ұйымдастырылса, Тоқты бірінші болып білек сыбана кіріседі. Оның бойындағы әдеттегіден де артып кететін тартымдылық пен баурап алатын харизма кейде аздаған ашушаңдықпен ұласып, төбелес бастауға да әкеп соғуы мүмкін.


Торпақ

Торпақ белгісіндегілер ішімдік ұрттаған соң айналасындағылардың бәріне махаббатын төгіп, әркімге оларды қалай жақсы көретінін айтумен болады. Тіпті аяғында әрең тұрса да, «Ант етемін, мен сап-саумын!» деп бәрін сендіруге тырысатыны сонша, келесі сәтте баспалдақтан құлап кетуі де таңғалдырмайды. Мүлде мағынасыз, көрінген нәрсеге балаша күле береді. Торпақтардың кешті аяқтауы екі түрлі: не кештің ең қызған, қызықты шағында білдіртпей тайып тұрады, не болмаса таңға жуық жалғыз өзі «Кеше кеште не болды?» деп басы қатып отырған кейпін көруге болады.


Егіздер

Егіздер үшін ішімдік ішкен кез – эмоциялардың нағыз жарылысы, американдық төбешікке мінгендей алмағайып сәті. Олар тым шулы болып, кездескеннің бәріне сезімін білдіріп, міндетті түрде біреуге ғашық болып үлгереді. Көңілі тасыған Егіздер байқаусызда өздерінің де, біреудің де барлық құпиялары мен сырларын жайып салуы мүмкін. Олардың көңіл-күйі де сәт сайын құбылады: бір қарасаң балаша қуанып жүреді, кейін кенеттен жылап алады да, аз уақыттан соң ештеңе болмағандай қайтадан қуанып, билеп кетеді.


Шаян

Ішкі сезімталдығы жоғары Шаяндар кеш үстінде айналасындағылардың бәрін бауырына басып, құшақтаудан шаршамайды. Олар әрдайым стақанын толтырып, тағы да ішуге дайын тұрады. Не болса соған тоқтамай күліп, ортаға шығып, үстел үстінде тверк билеуден де тайсалмайды. Алайда, сезімталдық жеңіп, кештің қызған сәтінде оңаша жерде тығылып жылап алуы да мүмкін. Бірақ бұл кештің соңы емес, көз жасын сүртіп шығып, ойын-сауықты ары қарай жалғастыра береді.


Арыстан

Ішінде ішімдіктің буы бар Арыстан – би алаңының басты бапкері, ұйытқысы әрі патшасы. Ол барлық назарды өзіне аударып, айналасындағылармен белсенді түрде флирт жасайды. Ортаны қыздыра жүріп, достарының арасында «байқаусызда» махаббат үшбұрышын құрып жібереді. Әрине, қызулық тарқаған соң немесе ертеңгі күні өз аузынан шыққан кейбір тым артық сөздері мен қылықтарына өкінетін сәттері де болып тұрады.


Бикеш

Бикештер қанша ішімдік ішсе де, өздерін байсалды көрсетуге барын салады. Айналадағылардың «ұрттап алса болды, айқайлап шыға келетін» жеңілтек мінез-құлқын іштей айыптап, сөгіп отырады. Ал кеш тым жалықтырып жіберсе, ең бірінші болып үйіне тайып тұрады.


Таразы

Таразылар – кештің ең қамқор әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары меймандары. Бәріне сусын үлестіріп, достарын сыйлаудан шаршамайды. Бір отырыс бітпей жатып, келесісін жоспарлауды бастап жібереді. Басқаларға көз-құлақ болып, реттілікті қадағалап жүріп, өздері ішіп-жеуді ұмытпайды. Десе де мас болып, басқаларға ыңғайсыздық туғызғанын, мазасын алғанын, жалпы жағымсыз мінезін көрмейсіз.


Сарышаян

Сарышаяндар үшін төбелессіз отырыс – іш пыстырарлық жиналыс. Кейде жай ғана қызық үшін кішігірім дүрбелең бастап жіберуі мүмкін. Масайса, ішіндегі әзілкеш оянып, ортаны күлкіге қарық қылады. Шамасынан артық сілтеп жіберсе, іштей ұнатып, айтуға батылы жетпей жүрген адамға жан сырын ашып, ұсыныс жасап жіберуі де мүмкін. Немесе бұрынғы сүйіктісіне смс жаза бастайды. Ақылға қонымды жалғыз әрекеті – ертеңгі сау өзіне арнап арнайы видеосәлемдеме түсіріп қоятыны.


Мерген

Мергендер сауық кешінің ішімдігін жетпей қалмайтындай етіп жасақтап, оны бәріне ішкізіп, өзі де ортақтасып, тауысады. Спирттің буына масайғанда миында идеялар фонтанша атқылайды. Қызықты көңіл көтеру амалдары, ойындар ойына келіп, барлығын ұйымдастырып, атсалысуға шақырады. Бір сөзбен айтқанда, өзі ғана ішіп алып, өз көңілін ғана көтермейді, уақыттың бәрі үшін қызықты өтуіне барын салады.


Тауешкі

Шын өмірде ұстамды Тауешкілер ішімдіктен соң мүлде өзгереді. Шамасынан артық ішіп қойған олар іштегінің бәрін ешқандай фильтрсіз ашық айта бастайды. Бұрын айтпаған жасырын сезімдері мен ішкі сырларымен бөліседі. Кештің соңында барлығын караокеге сүйреп, ән айтуға мәжбүрлейді. Қашан ес-түсін білмей құлап, ұйықтап қалғанша сауық кешін бітті деуге қимайды.


Суқұйғыш

Суқұйғыш – кез келген отырыстың ең жұмбақ кейіпкері. Ол масайса, адамдардың айқай-шуынан қашады. Жалғыз өзі оңаша отыруға тырысады немесе үй иесінің мысығын, итін тауып алып, сонымен сөйлескенді жөн көреді. Қанша ішсе де, сау сияқты көрінеді.


Балықтар

Балықтар сау кезінде ғана емес, мас күйінде де ең мейірімді әрі қамқор дос. Масайып қалған достарының жағдайын жасап, ұйықтатып, ас-суын беріп жүреді. Ішімдіктің буымен жасайтын ең ессіз әрекеті – көп әрі қатты күлу және басқалармен санаспай, кеш бойы өзінің ғана сүйікті әуендерін қою.

Аударған: Төре СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ӘЙЕЛДЕРГЕ БОЛЖАМ: Некеде қандай ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КҮШіңіз бар?

«ӨРМЕКШІ АДАМ: Жаңа күн»: кинотеатрға БАРМАС БҰРЫН білу керек ақпарат