​Әйел омырауын тез үлкейтетін 7 әдіс (18+)

0
86 039

Сексуалды, еркектер қауымы үшін тартымды дене мүшесі атам заманнан-ақ әйелді әйел етіп келе жатыр


​Әйел омырауын тез үлкейтетін 7 әдіс (18+)

Әйел сымбатына ерекше және ең көп көрік сыйлайтын – омырауы. Сексуалды, еркектер қауымы үшін тартымды дене мүшесі атам заманнан-ақ әйелді әйел етіп келе жатыр. Ал бүгінде жаратылыстан берілген омырауына көңілі толмайтындар жетіп артылады. Әлбетте, барлық әйелдерге табиғаттан әдемі омырау беріле салмайды. Әйелдер арасында қызғаныш өртін тұтандыратынның бірі де осы – омырау.

Интернетте не көп, әйелдің ең бір әдемі дене мүшесін үлкейтуге арналған құралдардың жарнамасы көп. Сондай-ақ түрлі форумдарда омырауды қалай үлкейтуге болатындығына сауал салатын нәзікжандыларды да көптеп кездестіреміз. Соның зияны мен пайдасын, жалпы, қаншалықты қажеттілігіне мән беріп жататындар аз. Десек те, көптен қолдау тапқан әдістердің топтамасын ұсына отырып, дұрысы мен бұрысына да көз жеткізуге тырысалық.

Жалпы, неге еркектер әйелдердің омырауына қызыға қарайды? Бұл туралы біз бұрынырақта жазған болатынбыз. Омырауды үлкейтуге деген талаптың бір себебі осында жатыр.

Бірінші тәсіл - арнайы гельдер мен кремдер

Омырау үлкейтудегі кеңестердің басында жарнамадағы гельдер мен жақпа майлар тұр. Олар қалай үлкейтуі мүмкін деген сұрақ оралады ойға.

Құпиясы сол – құрамында түрлі гормондар бар. Олар омырауға келетін қан ағысын жылдамдатып, нәтижесінде ісіну байқалады. Ісінген омырау, әлбетте үлкейіп көрінеді.

Омыраудың өздігінен үлкеймейтінін есте сақтап, тек ісіндіруге ғана болатынын ойдан шығармаған жөн. Тек қана ісінген кеуде жайсыздық тудыруы, тіпті, ауыруы да ғажап емес.

Екінші тәсіл – май жағу

Косметикалық немесе эфир, тағамдық майлармен де омырауды үлкейтуге болатын көрінеді.

Оның пайдасы – майлар омыраудың терісін тартып, қатайтады. Нәтижесінде, омырау көтеріңкі көрінеді.

Омырауды үлкейтуде ертеден қолданылатын майлардың бірі – зәйтүн. Оны мүмкін болғанынша, душ қабылдаған соң жағу қажет. Омырау айналасына жеңіл массаж жасау арқылы тұрақты жағып тұрсаңыз, нәтижесі бір айға жетпей-ақ көрінеді.

Одан басқа, зығыр майы мен бидай өскіндерінен жасалатын майдың да әсері жақсы әрі зияны жоқ деуге болады.

Үшінші тәсіл – киімді дұрыс таңдау

Табиғаттан берілген омырауды қанша үлкейткіңіз келгенмен, зиянсыз (отасыз) 2 өлшемге арттыру мүмкін емес. Сондықтан барымен базар етіп, киімді дұрыс таңдау арқылы көрер көзге көтеріңкі етуге болатынын ойлаған жөн. Әрине, ауыртпайтын, денсаулыққа зиян тигізбейтін жағын ойласаңыз.

Кеудесі кішкентай бола тұра сымбатымен елді тамсантқан әйелдермен танысқаныңыз жөн. Мәселен, Голливуджұлдыздары Камерон Диас, Кира Найтли, Кристен Стюарт, Мила Йовович және т.б.

Сол сияқты, кішкентай кеудемен подиумда сән көрсетіп жүрген әлемге белгілі Кейт Моссты алайық.«кішкентай кеуде – кемшілік емес, қайта мақтаныш» дейтін Ванесса Паради ше?!

Ендеше, Push Up нәтижесі бар төстартқыштардың көмегіне жүгініп, омырауды аша көрсететін киім үлгілерін неге таңдамасқа?!

Төртінші тәсіл - кеудені макияжбен де үлкейтіп көрсетуге болады

Мұны соңғы кезде көптеген сахна жұлдыздары пайдаланды. Ол үшін сізге бронзатор деп аталатын опа түрі қажет. Ол сіздің теріңіздің түсінен екі есеге күңгірттеу болуы тиіс.

Сонымен қатар, хайтлайтер сатып алыңыз. Бұл құрал кеудеңізді «бояндырғанда» қажет болады. Ол теріңізге қосымша жарқырау түсін сыйлайды. Осы екі құралмен-ақ омырауыңыздың ашық тұсына дөңгеленте «сурет» салып шығасыз. Бояудың жиегін білдірмей тиянақты жағып шығу қажет.

Бесінші тәсіл – физикалық жаттығу

Иә, жаттығумен де омырауды үлкейтуге болады. Бұл тәсіл қазір қолданыстағыларының ішінде озып келе жатыр дей аламыз. Омырауды үлкейтіп қана қоймай, дене жаттығуын қоса жасап, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін де жақсартумен айналыса аласыз мұны таңдасаңыз.

Әрине, еңбектенуді қажет етеді, дегенмен, тер төгуге тұрарлық және зияны мүлде жоқ.

Алтыншы тәсіл – омырауды үлкейтуге арналған диета

Аты сенімсіздеу болғанмен, кейбір тағамдардың кеудені «өсіретіні» жайында естіген боларсыз. Қырыққабат, соя, алма, аскөк пен ақжелкен, бұршақтұқымдастар және авокадо, ламинария омырауды үлкейтуде жоғарыда айтылған гель мен кремдердің әсерін береді. Яғни, ісіреді деген сөз.

Жақсысы сол, денсаулыққа зияны аз. Әлбетте, бір тағам түрін жей беру де оның құрамындағы пайдалы заттардың ағзада көбейіп кетуіне апарып соқытруы мүмкін.

Жетінші тәсіл – массаж

Қолмен емес, әрине. Массажды вакуумды жасайтын аппарат та бар. Бірақ оның әсері аз уақытқа ғана екенін ұмытпаған жөн. Бір рет жасалған массаждан кеудеңіз 14 күнге ғана көтеріліп тұрады. Оны тек жоспарлы түрде керемет кешке барарда ғана жасатқан тиімді.

Дегенмен, сүт безіне зияны бар екендігін атап кеткен жөн.

Ағзаға қатысты қандай да бір тәсіл болмасын, дәрігермен кеңесу керектігін жақсы білетін жаста екендігіңізді ұмытпағайсыз. Қанша кішкентай болса да табиғаттың жаратылысынан , денсаулықтың мықты болғанынан артық ештеңе жоқ. Кішкентай кеуденің өзімен талайды тамсандырып, қылықты бола алатыныңызға сеніңіз.

Өзіңіз ойлап көріңіз. Омырауыңыз әдемі болғанмен, оны әдемі ететін көркем мінез бен әйелдік қылық болмаса, қанша тәсілді қолдансаңыз да текке кеткені емес пе?

Ендеше, нені жөндеу керектігін жақсы білетін болсаңыз керек.

суреттер: ашық дереккөзден

дереккөз: elgreloo. ritty.ru, cosmo.ru

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ