Ұшақтағы 136 жолаушының арасында әскерилер мен олардың отбасы болған
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Флорида штатында Boeing 737 ұшағы апаттық жағдайда өзенге қонуға мәжбүр болды, деп жазады sputniknews.kz.
Бортта 136 адам болған. Ұшақ жолаушылары түгел аман қалды.
Джексонвилл қаласының шерифі апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағын суретке түсіріп алып, таратқан.
Белгілі болғандай, Miami Air компаниясына тиесілі ұшақ Кубадағы АҚШ-тың әскери теңіз базасынан чартерлік рейс орындап келе жатыпты.
АҚШ-тың Гуантанамодағы әскери теңіз базасының өкілдері Facebook желісінде хабарлағандай, Джексонвиллдегі ұшақ апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Miami Air компаниясынан кіреге алынған вахталық ұшақ Кубадан Флоридаға келе жатқан екен. Бұл ұшақ әскерилер мен олардың отбасы мүшелерін және басқа да келушілерді Флорида мен Гуантанамо арасында тасымалдайды.
#JSO Marine Unit was called to assist @NASJax_ in reference to a commercial airplane in shallow water. The plane was not submerged. Every person is alive and accounted for. pic.twitter.com/4n1Fyu5nTS
— Jax Sheriff's Office (@JSOPIO) 4 мая 2019 г.