Адамның өртеніп жатқан видеосын туристер твиттерге жариялаған.
ERNUR.KZ. Вашингтонда Ақ үйге жақын орналасқан саябақта белгісіз ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды 24.kz.
Туристердің твиттерге жариялаған видеосынан адамның өртеніп жатқаны көрінеді. Алайда көп ұзамай оған өрт сөндіру құралын ұстаған азамат көмекке келген. Артынша полиция қызметкерлері де оқиға орнына жетеді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ер адам ауыр күйіктермен ауруханаға жеткізілген. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.