Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді

0
714

Ресми сапар кезінде қазақ-тәжік қарым-қатынасын нығайту бойынша құны 80 млн доллар болатын 11 құжатқа қол қойылды.


Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді

ERNUR.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Тәжікстанға ресми сапары кезінде осы ел Президенті Эмомали Рахмонмен және министрлер қабинетінің басшысы Кохир Расулзодамен келіссөздер жүргізді, деп жазады «Хабар 24».

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Қазақстан Тәжікстанның тауарайналымы жөнінен негізгі әріптесінің бір саналады. Алдағы 3-4 жылда екі ел арасындағы тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу жоспарда. Асқар Маминнің ресми сапары кезінде қазақ-тәжік қарым-қатынасын нығайту бойынша құны 80 млн доллар болатын 11 құжатқа қол қойылды.