“Талибан” билігінің мәліметінше, жер сілкінісі елдің ірі қалаларының бірі — Мазари-Шарифтің маңында, шамамен 17 шақырым тереңдікте, түнгі сағат бір шамасында болған.
ERNUR.KZ. Ауғанстанның солтүстігінде 6,3 балдық жер сілкінісі болып, кемінде 20 адам қаза тауып, 320-дан астам адам жарақат алды, деп жазады baq.kz.
“Талибан” билігінің мәліметінше, жер сілкінісі елдің ірі қалаларының бірі — Мазари-Шарифтің маңында, шамамен 17 шақырым тереңдікте, түнгі сағат бір шамасында болған. АҚШ Геологиялық қызметі апат аймағы бойынша “айтарлықтай адам шығыны болуы мүмкін” деген деңгейде ескерту жариялады.
Құтқарушылар қираған балшық үйлердің астынан адамдарды, соның ішінде балаларды, қолмен аршып алып жатқан видеолар тарады. Зілзаладан Балх, Саманган және Баглан провинциялары да зардап шеккен.
БҰҰ Ауғанстандағы өкілдігі зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге кіріскенін мәлімдеді.
Соңғы жылдары Ауғанстан бірнеше жойқын жер сілкінісін бастан өткерді: 2023 жылы Гератта болған 6,3 балдық зілзала кезінде шамамен 1 500 адам қаза тапқан, ал 2022 жылы шығыс өңірде 1 000-ға жуық адам көз жұмған.


