Джо Байден АҚШ-та пандемия аяқталғанын айтты

0
592

Корреспондент Скотт Пэлли АҚШ президенті Джо Байденнен штаттардағы пандемияға қатысты қазіргі жағдай туралы сұрады.


Джо Байден АҚШ-та пандемия аяқталғанын айтты

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден CBS телеарнасына берген сұхбатында COVID-19 пандемиясы біткен сияқты деп мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Корреспондент Скотт Пэлли АҚШ президенті Джо Байденнен штаттардағы пандемияға қатысты қазіргі жағдай туралы сұрады.

Пандемия аяқталды. Бізде әлі де COVID мәселесі бар. Біз әлі де көп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ пандемия аяқталды. Байқасаңыз, ешкім маска тақпайды. Барлығы өте жақсы жағдайда сияқты.АҚШ президенті Джо Байден

31 тамызда АҚШ сайлау комиссиясына Байденнің қайта сайлануын қолдайтын қозғалыстан өтініш түсті. Байден өзінің сайлауалды науқаны мен оның екінші мерзімге кандидатурасын қолдау науқаны үшін қаражат жинайтын қозғалыс Biden for Prezident деп аталады.

9 қыркүйекте Байден Трампты Капитолийді басып алуға қатысушыларға уәде бергені үшін сынға алды. Байден бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамптың Капитолийге шабуылға қатысушыларға рақымшылық жасау туралы уәдесі демократия тұжырымдамасына қайшы келетінін айтты.