Екі ұлын атып өлтірген әке артынша өзіне қол жұмсады

0
1 895

Қайғылы оқиға Кемерово облысы Яшкинский ауданының Пача ауылында болды.


Екі ұлын атып өлтірген әке артынша өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Ресейде 68 жастағы ер адам аңшы мылтығымен екі ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған, деп жазады sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға Кемерово облысы Яшкинский ауданының Пача ауылында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 68 жастағы ер адам, алдымен, асырап алған 42 жастағы ұлына, кейін 31 жастағы туған ұлына оқ атқан. Содан соң өзен жағасына барып, өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ridus.ru.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар ер адамның шолақ мылтықты қайдан алғанын анықтауда. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметіне сүйенсек, қанды оқиғаға тұрмыстық дау-жанжал себеп болған.

Аталған фактіге қатысты "Екі және одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.