Иммунитетін күшейту үшін дәрі қабылдаған медицина факультетінің студенті қайтыс болды

0
446

Қыз дәріні өзімен бірге сүйіктісіне де салған.


Иммунитетін күшейту үшін дәрі қабылдаған медицина факультетінің студенті қайтыс болды

ERNUR.KZ. Сеченов атындағы Медицина университетінің студенті ковидтен зардап шеккеннен кейін "Лаеннека" тамызғыштарымен иммунитетін нығайтамын деп, қайтыс болды, деп жазады stan.kz.

Қыз дәріні өзімен бірге сүйіктісіне де салған. Жансақтау бөліміне түскен Дмитрий қазір дәрігерлердің бақылауында.

Марқұм Анна желіде өзін диетолог, жаттықтырушы және "профилактикалық медицина дәрігері" ретінде таныстырған. Атап айтқанда, бойжеткен жазылушыларына витаминдер мен басқа да препараттар туралы кеңес беріп келген. Мысалы, ол тестостерон қоспалары арқылы әйелдердің либидосын арттыру туралы ұсыныстар айтқан. Дегенмен көршілерінің сөзінше, студент үйінде үнемі фастфудқа тапсырыс беріп, дұрыс тамақтанбаған. Ауруханаға жатқызар алдында ғашықтар демалысқа ұшып кетпек болған. Бірақ екеуі де әуежайда ауырып қалады.

"Екеуі жас, әдемі жұп еді. Олар тауда сноуборд тебуге бара жатқан. Үш сағаттан кейін Диманың өзі телефон шалып, біз уланып, ауруханада жатырмыз деді. Олар дереу әуежайдан ауруханаға жеткізілген", – деді ерлі-зайыптылар тұрған үйдің қожайыны.