Испанияда алғаш рет елдің шығысындағы су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалғандар саны туралы ресми деректер жарияланды.
Фото: DW
ERNUR.KZ. Испанияда қазан айының аяғында жауған нөсер жаңбыр салдарынан болған алапат су тасқынынан кейін 89 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін Испанияның кейбір БАҚ-тары өршіп кеткен табиғи апат салдарынан 2500 азамат із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатын. Алайда, мұндай ақпараттың дереккөздері көрсетілмеген. DPA агенттігі мұндай хабарлар бір апта бұрын апат басталғаннан сәттен бері төтенше жағдайлар қызметіне келіп түскен қоңыраулар санына байланысты болуы мүмкін деп болжайды.
Ресми мәлімет бойынша, Испаниядағы су тасқыны 215 адамның өмірін қиды. Олардың 211-і Валенсияда жерленген. Алайда 62 адамның сүйегі әлі анықталған жоқ.