Соңғы 10 жыл ішінде 6,5 миллион гектар жер Қытайдың меншігіне өтті, бұл Литва немесе Шри-Ланка сияқты мемлекеттердің аумағына пара-пар.
ERNUR.KZ. Қытай компаниялары Азия мен Африка құрлықтарынан жер сатып алуда. Соңғы 10 жыл ішінде сатып алған және жалға алған жердің жалпы ауданы Шри-Ланка немесе Литва сияқты мемлекеттердің аумағымен теңесіп қалған, деп жазады inbusiness.kz.
Басылымның есебі бойынша, Қытай бұл көрсеткіш бойынша Британия, АҚШ және Жапониядан басып озды. Қытай бизнесі шоғырланған жер банкінің басым бөлігі орман шаруашылығымен байланысты. Land Matrix мәліметі бойынша, Қытай компаниялары 2011 және 2020 жылдары аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен 6,48 миллион гектар жерді бақылауға алды.
Бұл жерлер ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына, сондай-ақ тау-кен өндірісіне арналған. Британияның иелігінде 1,56 миллион гектар, АҚШ-та – 860 мың және Жапонияда – 420 мың гектар жер. Қытай кәсіпорындары ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін шетелден жер учаскелерін сатып алуда.