Қытайда антиденелерден жасалған коктейль мақұлданды

0
801

Бұлар белгілі бір нәрсеге бағытталған ақуыздар.


Қытайда антиденелерден жасалған коктейль мақұлданды

ERNUR.KZ. Қытай коронавирусқа қарсы антиденелерден тұратын алғашқы препаратты мақұлдады, деп жазады 24.kz.

Бұлар белгілі бір нәрсеге бағытталған ақуыздар. Аталған препарат ковид-19-дың бастапқы деңгейін әрі қарай асқындырмау үшін қолданылады. Сынаққа дельта штамына шалдыққан 700-ден астам науқас қатысқан.

Мұндай іс-тәжірибе АҚШ, Аргентина, Оңтүстік Африка, Бразилия, Филиппин және Мексика елдерінде де өткізілді. Препарат келесі айда сатылымға түспек. Оны жасаған компания АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын, санитарлық бақылау басқармасынан төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беруді сұраған. Емі бар коктейльді, кезінде экс-президент Дональд Трамп қабылдапты.

"Коронавирус жұқтырған адамның ағзасы көп антидене бөледі, бірақ олардың бәрі бірдей вирусқа қарсы тиімді емес. Біздің зерттеуіміздің мақсаты ең күшті антиденелерді іріктеп, науқастарды емдеп, жазатын препарат ретінде пайдалану", - дейді медицина профессоры Чжан Линьци.