Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен сейсенбі күні сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Фото: БЕЛТА
ERNUR.KZ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұл ақпаратты растады, деп жазады inform.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбіде жариялаған Ресей лидері Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге шын мәнінде дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады брифингте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС агенттігінің сұрағына жауап бере отырып.
— Иә, бұл шынымен де солай. Келіссөз сейсенбіге дайындалып жатыр, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен сейсенбі күні сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
— Сейсенбі күні мен президент Путинмен сөйлесемін. Демалыс күндері көп жұмыс жасалды, — деп хабарлады Трамп Флоридадан Вашингтонға қайтқанда Air Force One бортында тілшілерге.