Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мүрделерін алмасты

0
791

Ресей жағы 43 жауынгердің мүрдесін қайтарып алды.


Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мүрделерін алмасты

ERNUR.KZ. Ресей мен Украина соғыста қаза тапқан жауынгерлердің денелерін алмастырды. Бұл туралы РБК хабарлағандай, Мемлекеттік дума депутаты, әскери операция мәселелері жөніндегі парламенттік үйлестіру тобының өкілі Шамсаил Саралиев мәлімдеді, жазады baq.kz.

Оның айтуынша, Ресей жағы 43 жауынгердің мүрдесін қайтарып алды. Украина жағына 909 қаза тапқан әскери қызметкердің денесі берілген. Бұл ақпаратты Украинадағы әскери тұтқындар мәселесі жөніндегі үйлестіру штабы растады.

Мүрделер Курахово, Покровск, Бахмут, Угледар, Луганск, Запорож бағыттары мен Ресей аумағындағы мәйітханалардан жеткізілген.

Штаб Халықаралық Қызыл Крест комитетіне алғыс білдірді.

Құқық қорғау органдары мен ІІМ сараптамалық мекемелері бірлесіп, қаза тапқандардың жеке басын мүмкіндігінше тез анықтайды, – делінген хабарламада.