Су басу қаупі төнген өңірлер арасында Ресейдің орталық бөлігіндегі Қорған, Тюмень және Омбы облыстары бар.
Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Ресейдің бірнеше өңіріне өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі төніп тұр, деп жазады stan.kz.
Су басу қаупі төнген өңірлер арасында Ресейдің орталық бөлігіндегі Қорған, Тюмень және Омбы облыстары бар.
Синоптик Александр Шувалов бұл жағдайды желтоқсан айындағы қардың мол жаууымен және 111 жылда болмаған ерекше жылынумен байланыстырады. Оның пікірінше, осы себептен өзен сулары әдеттегіден үш ай бұрын арналарынан аса бастаған.
Брянск қаласында Десна өзені тасып, қаланың бір бөлігіндегі жағалауды су басып қалған. Рязань қаласында Ока өзені арнасынан асып, "Лесопарк" айлағын су басқан. Тверь қаласында өзеннің әсерінен Бологов ауданына арналған көпір құласа, ал Воронежде Дон өзеніндегі көпір жабылған.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында да судың рекордтық деңгейі тіркелген. Бұл Ресейдің Орынбор облысына қауіп төндіріп тұр. Себебі егер жағдай өзгермесе, Қазақстан тарапы Ресейдің Орск қаласына қарай су жібере бастайды.