Бейсенбіде Ақ үй қақтығыстағы екі тараппен консультациялар жалғасып жатқанын растады.
ERNUR.KZ. Әзірге Украина америкалық көмекті қалпына келтіру үшін бітімгершілікке келуге жеткілікті деңгейде ниет танытқан жоқ, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге, деп жазады sputnik.kz.
"Менің ойымша, олар минералдар туралы келісімге қол қояды. Бірақ біз олардың бейбітшілікке келгенін қалаймыз, мен олардың бейбітшілікті қалағанын көргім келеді, солай ма? Қазір олар мұны тиісті дәрежеде көрсеткен жоқ. Бірақ олар алдағы уақытта көрсетеді деп ойлаймын. Бұл алдағы екі-үш күнде анық болады деп ойлаймын", - деді ол.
Бейсенбіде Ақ үй қақтығыстағы екі тараппен консультациялар жалғасып жатқанын растады, осы аптада Сауд Арабиясында жаңа бейбітшілік кездесуі жоспарланған.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігі 4 наурыздан бастап Украинаға барлық көмекті тоқтатуға бұйрық берілгенін хабарлаған. Пентагон өкілі мұның сол елге бара жатқан қару-жарақ жөнелтіліміне де қатысты екенін түсіндірді.
Fox News арнасының хабарлауынша, әскери қолдау көрсетудегі үзіліс Трамп Киевтің бейбіт келіссөздерді қалайтынына көзі жеткенше жалғасады.