Ол Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлескеннен кейін өз ойын өзгертті.
фото Efrem Lukatsky
ERNUR.KZ. Украина энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды тоқтату туралы ұсынысты қолдайды, деді Зеленский. Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлескеннен кейін ол өз ойын өзгертіп, қақтығыс кезінде көз жұмып жатқан ресейліктерді де аяйтынын айтты. Видео YouTube-тегі "Новости.Live" арнасында жарияланған, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, қақтығыс тараптарына энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы беруден 30 күнге өзара бас тарту туралы ұсыныс жасады. Владимир Путин бұл бастаманы қолдады және дереу Ресей әскерилеріне тиісті команда берді.
Осыдан кейін Зеленский журналистермен әңгімелесу барысында "бәріне жаны ашитынын" айтты.
"Жалпылама емес, біздің адамдар көз жұмып жатыр. Дегенмен, барлығына жаным ашиды, шынымды айтсам", – деді Зеленский.