Армянша ХАШЛЯМА тағамы

0
6 195

Хашляма – армяндар мен грузиндердің ең керемет әрі дәмді тағамдарының бірі.


Армянша ХАШЛЯМА тағамы

Бұл тағамды бірінші не екінші тағамға жатқыза алмайсыз. Өйткені оны әр жерде әртүрлі дайындайды екен. Мысалы, кейбіреулер хашлямаға кәді қосып дайындаса, енді бірі тек етпен бұқтырып, сорпалы етіп әзірлейді. Хашляманы әсіресе қонақ шақырарда дайындасаңыз, дастарханыңыз жайнай түседі.

Егер де сіз бұл тағамды бір рет әзірлеп көрсеңіз, тіл үйірер дәмі аузыңыздан кетпей, келесі жолы қойдың етін ала сала хашляманы дайындауға кірісіп кетесіз. Отбасымызбен сүйсініп жейтін армянша хашляманы ұсынамыз.


Қажетті өнімдер:

  • 1 келі қойдың төс еті
  • 6-8 дана қызанақ
  • 6 дана пияз
  • 2 дана болгар бұрышы
  • 1 бас сарымсақ
  • Аскөк, кинза, ақжелкен
  • Дәмдеуіштер
  • Айва жемісі
  • 2-3 дана картоп
  • 1 стақан сыра


Дайындалу тәсілі:

1. Алдымен қызанақтарды турап аламыз. Ірілеп турау керек. Пиязды екіге бөліп, жартылай дөңгелектеп тураймыз. Үккіштен өткізуге де болады.

2. Аскөк пен ақжелкенді майдалап турайды.

3. Етті сіріңкенің қорабындай көлемде турап шығасыз. Еттің сүйекті болғаны да дұрыс. Ірі етіп турасаңыз әдемі көрінеді.

4. Енді барлығын қазанға орналастырамыз. Ең бірінші қазанға қызанақтың жартысын саламыз. Қалғанын бетіне салуымыз керек.

5. Екінші қабатқа пиязды саламыз. Пияз қызанақтың бетін толықтай жауып тұратындай етіңіз.

6. Сосын болгар бұрышын жайып саламыз. Болгар бұрышының үстіне майдалап туралған аскөктерді жайғастыруға тура келеді.

7. Етті тұздап, дәмдеуіштерді себелеп, жақсылап араластырып алыңыз. Содан соң майдалап туралған сарымсақты етке салып, тағы бір рет араластырып жібересіз.

8. Осыалйша дайындалған етті қазанға салып, бетіне қызанақ, пияз, аскөк секілді көкөністерді қайталап салып шығасыз. Отты жай қойып, қазанға сыраны құйып, қақпағын жапқаннан кейін 1 сағаттай бұқтырамыз.

9. Бір сағат ішінде көкөністердің еттің шырыны шығып, тағам жақсы бұқтырылады. Егер де суы тартылып кеткен болса, азырақ су құюға да болатынын естен шығармайық!

10. Келесі кезек айва мен картоптарда. Айва мен картопты ірі-ірі етіп турап, қазанға саласыз да, қақпағын жауып, жарты сағаттай бұқтырамыз.



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


КӨКТЕМГІ РЕЦЕПТ: «Кемпірқосақ» торты


Тойымды әрі дайындалуы ОҢАЙ ПИРОГ-ПІСІРМЕ


Қуырылған картоп: Жаңа рецепт